МТРА жаңалықтары

Өңірде браконерьлік қылмыс тіркелді

Облыста браконерьлік қылмыс тіркелді. Оқиға Қызылжар ауданындағы ЖелякОво ауылында орын алды.

Браконьерлік іс-әрекет кезекті тексеріс кезінде әшкере болған. Мамандар еліктің қаны мен адам іздерін көріп қалады. Соңынан түскен олар  орман ішінде еліктің өлі денесіне кезігеді. Тағы жүре келе атылған 2 елікті табады.

Аңшылардың қитұрқы әрекетін түсінген мамандар сол жерде күте тұруды жөн көреді. Бір кезде 5 адамнан құралған топ жақын маңға көлікпен тоқтап, олжаларын әкетпек болған. Осы жерде олар қақпанға түседі. Көлікті тінту кезінде мүшеленген тағы 3 елік табылады. Заңсыз аңшылық құрғандардың 2-еуі – петропавлдық, 3-еуі – Қызылжар ауданының тұрғындары. 4 млн теңгеге жуық шығын келтірген бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Олег Беспалов – СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Аңшылық маусымы басталғалы бері өңірде 20-дан астам құқық бұзушылық фактісі тіркелді. 15-ке жуық оқиға заңсыз елік аулауға қатысты. Қызыл кітапқа енген аққуды да ату жайттары кездесті. Бұдан келген жалпы шығын 40 млн теңгеге жуықтайды.

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев