Спорт

Жерлестеріміз бес асықтан өткен республикалық додада жүлдегер атанды

Ел көлемінде бес асық ойынынан мектепаралық лига аясында жарыс өтті. Облыс сапынан екі команда қатысты.

Барлығы 14 құрама бес асықтың блиц деген түрінен бақ сынаған. Сайыс пандемияға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылды. Қатысушылар ойын барысын видеоға түсіріп жіберген. Солтүстікқазақстандық жастар 14 топтың ішінен 2-шгі орынға ие болды.

Сәния Зейкенова – сайысқа қатысушы:

– Ойынды Нұр-Сұлтан қаласы және Қостанай облысының командаларымен өткізген болатынбыз. Онлайн форматта өтті. Көзбе-көз барып ойнағанның айырмашылығы көп. Қарсыласымыздың қалай ойнағандығын көре алмаймыз.

Ағжан Сұрағанов – асық атудан облыстық федерациясының президенті:

– Асық ойынына келетін болсақ, ол – көне, ата-бабамыздан келе жатқан ойындардың бірі. Өкінішке қарай, біраз жылдар дамымады. 2011 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында республикалық федерация ашылды. Өңірде де асық атудан облыстық федерация ашылды.

Ешкенова Дана