МТРА жаңалықтарыҚұқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары қан тапсырды

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары донорлық акцияға қатысты!

Облыстық қан орталығына 30-ға тарта құқық қорғаушы келген. Олардың мақсаттары – донар атанып, өзгеге жанға өмір сыйлау. Санитарлық талаптар қатаң сақталған. Мамандардың барлығы – маскада. Алғаш болып өңіріміздің бас полицейі Марат Төлебаев қан тапсырды. Шендінің сөзінше, мұндай бастаманың маңызы өте зор. Адам қан тапсыру арқылы өзінің денсаулығын жақсартады әрі қиын жағдайға тап болған кісінің аяққа тұруына жәрдемдеседі. Денсаулық сақтау саласы өкілдері әр қызметкерден 450 миллилитрден қан алды. Шарапаты мол шараға жалпы 50 тәртіп сақшысы ат салысты. Нәтижесінде қор 22 жарым литр қан және плазмамен толықты.

Манарбек Молдабеков – СҚО ПД Жол патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

– Қан тапсыруға баршаңызды шақырамын. Біз жұмыс барысында көптеген оқиғалар көреміз. Сол себепті көмектесудеміз. Үшінші рет тапсырудамын. Жыл сайын тапсырамын.

 

 

 

 

Култанов Байболат