МТРА жаңалықтары

Пара алған экс-шенеунікке қатысты сот үкім шығарды

“Көкшетау” ұлттық табиғи паркі филиалының экс-директоры мемлекетке 20 млн теңгеден астам айыппұл төлейді.

Айыртау аудандық соты “Көкшетау” ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің Арықбалық филиалының директоры Леонид Ларионовқа қатысты үкім шығарды. Ол бір емес бірнеше рет пара алу,  лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, заңсыз аң аулау және лауазымды адамға пара беру фактілері бойынша айыпты деп танылды. Оған параның 35 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл – 23 млн теңге. Сондай-ақ, филиалдың бұрынғы директоры  мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде еңбек ету құқығынан айырылды.

 

 

Ешкенова Дана