Спорт

Тұңғыш Президент күніне орай гір тасын көтеруден облыстық чемпионат өтпек

Шынықсаң, шымыр боласың! Петропавлда Тұңғыш Президент күніне орай гір көтеруден  кезекті облыстық чемпионат ұйымдастырылады. Сайыс биыл індетке байланысты онлайн форматта өтпек.

Оған 18 жастан асқан кез келген солтүстікқазақстандық қатыса алады. Ол үшін спортшыларға мынандай талап қойылып отыр: жеке құжаттарын, көтеретін гір тасын және сол спорт жабдығын қанша рет көтеретіндігін видеоға түсіруі тиіс. Әзірленген бейнематериалды қарашаның 30-ы мен желтоқсанның 2-сі аралығында экранда көрсетілген (A-golovin1997@mail.ru) электронды поштаға жіберу қажет. Осы сәтте спортшы  қатысушылардың тізіміне енеді. Ескерер жайт, видеоның ұзақтығы 10-12 минут шамасында болуы керек.

Андрей Глывяк – гір көтеру спортынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

– Бұдан бөлек, алдағы уақытта Тәуелсіздік күніне орай бірден екі жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Біріншісі – желтоқсанның 8-і мен 11-і аралығында ұйымдастырылады. Ауыр атлетикадан облыс кубогында ерлерден құралған командалар сынға түседі. Ал екіншісі желтоқсанның 10-ы мен 13-і аралығында күштік гимнастикадан болады. Қос дода да онлайн режимде өтпек. Қатысушы тіркелу үшін алдымен аты-жөнін, туған жылы мен күнін 8-775-968-63-67 немесе 8-777-614-44-99 нөмірлеріне Whatsapp мессенджері арқылы жіберулері қажет.

 

Казиканова Алтынай