МТРА жаңалықтарыТұлға

Петропавлда “Елбасы – ел мақтанышы” атты көрме ашылды

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай “Елбасы – ел мақтанышы” атты көрме ашылды.

Тарихи маңызға ие оқиғалар көрсетілген бұрыш. Сөреге 15-ке жуық кітап қойылған. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тарих толқынында”, “Қазақстан жолы” сияқты еңбектері бар. Өзімізге жақсы мәлім, бұл туындыларда еліміздің тәуелсіз мемлекетке айналуы, басқа түскен қиындықтарды еңсеруі / бүге-шүгесіне дейін жазылған. Ал кейбір кітаптарда Ұлт көшбасшысының өмір жолы, маңызды шешім қабылдауы, жанұясы жайлы баяндалады. Қалың көрермен құнды заттармен Инстаграм желісіндегі “muzeinyi” парақшасына кіру арқылы таныса алады. Көрме желтоқсанның 3-іне дейін жалғасады. Айта кетейік, “Абылай хан резиденциясы” музей кешенін 2008 жылы Тұңғыш Президент келіп ашты. Және “Құрметті қонақтар” кітабында “Қазақтың ұлы ханы Абылайды еске алу – тарихымызға тағзым болып табылады” деген жазба қалдырған.

Әсемгүл Қыдбекова – “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директорының орынбасары:

– Мұражайды жөндеуге Елбасы қолдау көрсетті. Мемлекеттен қаражат бөлініп, 3 жыл көлемінде жөндеу жүргізілді. Және өзі тікелей келіп, осы мұражайды ашты.

Алдияр Айтпаев