МТРА жаңалықтарыТұлға

Онлайн-конференция: “Ел қолдаған Елбасы”

Ел қолдаған Елбасы. Тұңғыш Президент күніне орай облыстық архивте онлайн-конференция өтті. Жиынға қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан сыр шертіп, оның Қазақстанның дамуына сіңірген ерен еңбегін саралады.

3 бөлім. 3 атау. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы конференцияда кезең-кезеңімен талқыланды. Әр кезең еңбек пен өнегеге толы. Елбасының балалық шағы, дара тұлға болып қалыптасқан жылдар, тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша рөл атқарған жарлықтар. Бұның бәрі бүгінгі маңызды жиынға арқау болды.

Назерке Рамазанова – СҚ мемлекеттік архивінің маманы:

-Онлайн-конференцияға қатысушылардың ішінде “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Жақсыбай Самрат, сондай-ақ жергілікті университеттің ғалымдары бар. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қызметкерлері мен архивтің аудандық филиалдарының директорлары да қатысады. Сондай-ақ, онлайн-көрмеде Елбасының жазған кітаптары мен ол жайлы жазылған кітаптар көрсетілген.

Конференция барысында Елбасының солтүстік өлкеге жасаған іссапарлары жайлы айтылды. Архив мамандары 2016-шы жылға кеңірек тоқталып өтті. Бұл келуінде Тұңғыш Президент жергілікті әуежайдың жұмысымен танысып, Қызылжар ауданында аграрийлермен жүздескен екен.

Зәмзәмгүл Закирина – СҚ мемлекеттік архивінің маманы:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: “Солтүстік Қазақстан – елдің аграрлы-индустриялы өлкелерінің бірі. Себебі, Аққайыңдар өлкесі егіннің сапасы мен көлемі жағынан алда келеді”,- деп айтқан болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев – дара тұлға, даналығы мен көрегенделігі қатар жүретін білікті саясаткер. Қарымды журналист, жазушы Жақсыбай Самраттың Елбасы туралы айтары мол.

Жақсыбай Самрат – “Егемен Қазақстан” газетінің меншікті тілшісі:

– 2004 жылдан 2014 жылға дейін бірінші пулға кіретін журналистер тобы президенттер сапарларын жазатын. Мен сол пулдың қатарында болып, 10 жыл бойы Елбасының жанында жүрдім.

Елбасы күніне арналған іс-шара көрме ретінде де ұсынылды. Мұнда Тұңғыш Президенттің суреттері мен оның құрметіне арнап салынған картиналар қойылған.

 

 

 

Казиканова Алтынай