Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыста өткен тәулікте 112 адам инфекция жұқтырған

СҚО-да короновирустық инфекция жұқтырғандардың саны күннен-күнге артуда. Соңғы тәуліктің өзінде қауіпті дертке 112 адам шалдыққан. Оның 50-інен індеттің клиникалық белгілері айқын анықталып отыр.

Бейінді департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, науқастардың басым бөлігі – Петропавлда. Облыс орталығында 41 тұрғын тәжді вирус жұқтырған. Екінші сатыда – Қызылжар ауданы. Мұндағы 20 адам науқастанған. Аққайыңда – 11, Жамбылда 10 жаңа факті тіркеліп отыр. Өткен 24 сағаттың ішінде облыстағы 4 зертханада 1400-ге жуық ПЦР-тест жасалған.

 

Бисенова Жанна