МТРА жаңалықтарыТЖ

Петропавлда тоқтап тұрған автобус өртенді

Петропавлда 22-ші бағыттағы автобус тоқтап тұрған күйінде жанып кетті. Оқиға бүгін Шухов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында болды.

От қоғамдық көліктің қозғалтқышынан шыққан. Салдарынан, автобустың алдыңғы бөлігі мен жолаушылар отыратын орындықтарға зақым келді. Автобус жөндеуге жарамайды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шыққан кезде автобуста жүргізуші де, жолаушылар да болмаған.

Еркін Жақаев – қалалық №2 МӨСБ бастығының орынбасары:

– Оқиға орнына 1 өрт сөндіру көлігі мен жауынгерлік есептегі 6 қызметкер жетті. 9-дан 20 минут кеткенде өрт толықтай сөндірілді. Жалпы, облыс аумағында жыл басынан бері 62 көлік жанған. Оның ішінде 44-і жеңіл автомобиль, 9-ы – жүк көлігі және 3 автобус.

Ешкенова Дана