Спорт

Құлагерліктердің қанжығасында тағы бір жеңіс

Кеше петропавлдық “Құлагер” мен қарағандылық “Сарыарқа” бәсекеге толы ойын көрсетті. Ең алғаш болып есепті кездесудің 3-ші минутында  қарағандылықтар ашты.

Құлагерліктер көп ұзамай қайтарым шабуылмен таразы басын теңестірді. Шабуылшы Филипп Святына ерекшеленді. Келесі шайбы 3-ші кезеңде соғылды. Қарсыластың қақпасынан саңылау тапқан петропавлдықтар алға шықты. Бұл жолы соғылған шайбының авторы – қорғаушы Федор Хорошев. Көп ұзамай қарағандылықтар есепті теңестірді. Ойынның тағдыры буллит сериясы арқылы анықталды. Жеңісті  алаң иелері өз қанжығасына байлады. 16 ойын өткізген қызылжарлықтар 23 ұпаймен үздік бестікке енді. Келесі ойын қарашаның 27-28 күндері “Алматы” командасына қарсы өтеді.

 

 

 

Алдияр Айтпаев