Аптадағы маңызды жаңалықтар

Асқар Мамин ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді

Коронавируспен сырқаттанғандар санының өсуі  Қазақстанның барлық аймақтарында тіркеліп жатыр. Бұл туралы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында айтылды.

Жалпы, бүгінде ел бойынша инфекциялық орындар 22 пайызға толған, ал реанимациялық – 17 пайызға. «Сары түсті аймақта – 2 облыс, қызылға 5-уі енді. Қатарында Солтүстік Қазақстан да бар. Асқар Мамин  медициналық жабдықтарды жеткізуді аяқтауды және инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін толық жабдықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Премьер-министр эпидемиологиалық ахуал нашарлаған жағдайда ведомстволық ауруханалар мен госпитальдардың 100 пайызға дайын болуы қажеттігін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер коронавирустық инфекцияға жүргізілетін зертханалық зерттеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы керек. Сонымен қатар, Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмектердің шекті құнын төмендету мақсатында бір апта мерзімде антиковидтік препараттардың бағасын реттеу тәртібін өзгертуді жүктеді.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан