МТРА жаңалықтары

1-ші желтоқсаннан бастап Петропавлда электрондық билеттеу енгізіледі

Үстіміздегі жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап Петропавлда электрондық билеттеу жүйесі енгізіледі.

Терминалдар, әзірге 27, 16, 26М және 6-шы бағыттардағы автобустарға ғана орнатылған. Жаңашылдық алдағы уақытта өзге де қоғамдық көліктерге енгізіледі. Енді жол ақысын қолма-қол төлеуден бөлек, электрондық карта арқылы да өтеуге болады. 2 жағдайда да жол ақысы өзгеріссіз қалып отыр, ересектерге – 80, балаларға – 40 теңге. Бір картаның бағасы 500 теңгенің шамасында. Оны сатып алып, ішіне қанша көлемде ақша тастайсыз, ол – өз еркіңізде. Жаңашылдықтың тиімділігін уақыт көрсетеді. Картаны сатып алуға ниет танытқандар алдағы жұмадан бастап  жол жүру билетін сататын қосындардан сұрастыра алады. Шаһар бойынша мұндай нысандардың саны – төртеу.

Галина Семенова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– Қарашаның 27-сі күні шаһарға арнайы мамандар келіп, жолаушы тасымалымен айналысатын серіктестік өкілдеріне жаңаша әдісті егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Бұл ретте түсіндіру шараларын жүргізетін боламыз. Жолақыны, сондай-ақ, жол жүру билетімен де, банк картасымен де өтеуге болады.

 

 

 

Ешкенова Дана