Спорт

Жергілікті “Қызылжар” ФК алматылық “Қайрат”-ты ұтты

Маңызды 3 ұпай қоржынға түсті. Жергілікті “Қызылжар” ФК алматылық “Қайрат”-ты тізе бүктірді.

Оңтүстік астанада өткен матч 2 де 3 есебімен петропавлдықтардың пайдасына шешілді. Бұл кездесуде солтүстікқазақстандықтардың сапынан  Максим Драченко, Шота Григалашвили және сұрмерген Тимур Мульдинов көзге түсті. Осы жеңістің арқасында “Қызылжар” келесі жылы жоғарғы дивизионда өнер көрсету мүмкіндігін иеленді. Теріскейлік аяқ доп шеберлері биылғы маусымда әлі 3 ойын өткізеді.

 

Алдияр Айтпаев