Спорт

“Qulager” ХК қарағандылық “Сарыарқа”-ға есе жіберіп алды

Футболшыларымыз қуантса, хоккейшілеріміз керісінше сан соқтырды. Жергілікті “Qulager” хоккей клубы  алғашқы матчта қарағандылық “Сарыарқа”-ға есе жіберіп алды.

Ойын 0 де 1 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз шайба екінші жиырмаминуттықта соғылды. Гол авторы – қарағандылық Иван Безруков. Бұдан кейін петропавлдықтар қанша тырысқанымен таразы басын теңестіре алмады.

Евгений Пашков – “Qulager” ХК қорғаушысы:

– Бұл – біздің қарағандылық командамен алғашқы кездесуіміз. Қарсыластарымыз лигаға биыл ғана қосылды. Соған қарамастан, айтарлықтай ойын өрнегін көрсетті. Енді қарымта матчқа жақсылап дайындалып, жеңеміз деген үміттеміз. Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғыс білдіремін.

Казиканова Алтынай