Балалар

Жүрегі қазақ деп соғатын орыс қызы

Жүрегі қазақ деп соғатын орыс қызы. Айыртау ауданының тумасы Юлия Лагуткина  мемлекеттік тілді жетік меңгерген. 21 жастағы бойжеткен бүгінде Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алады.

Ұлты өзге болса да тілегі ортақ, жүрегі Отан деп соғады. Орыс қызы Юлия Лагуткина мемлекеттік тілді өз тіліндей меңгерген. Ол мақалдатып сөйлегенде көптің таңдайын қақтырады. Бүгінде бойжеткен қазақ тілінің тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, кең қанат жаюына сүбелі үлес қосып жүр.

Юлия Лагуткина – Республикалық «Оберег» украиндар қоғамы жастар қанатының төрайымы:

– Қазір кейбір жастар жылы жерді шетелден іздейді. 2014 жылы туған ағам да Ресейге көшіп кетті. Мен мектепті бітірген кезде қасына алғысы келіп, Томскіге оқуға шақырды. Бірақ, мен бармадым. Өйткені, менің туған жерім – Қазақстан. Еліме титтей болса да пайдамды тигізгім келеді.

Білікті де білімді Юлия Айыртау ауданындағы Лавровка селосында дүниеге келген. Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыған. 21 жастағы жерлесіміз һәкім Абайдың тілін бала күнінен меңгере бастапты. Оған құрбы-құрдас, ұстаздары да көмектескен екен.

Юлия Лагуткина – Республикалық «Оберег» украиндар қоғамы жастар қанатының төрайымы:

– Әдетте Солтүстік Қазақстанның тұрғындары қазақ тілінде сөйлемейді деген стереотип қалыптасқан. Бірақ, олай емес. Бұл сөздерді сіздердің алдарыңызда қазақша сөйлеп тұрған мен жоққа шығара аламын. Орыс және ағылшын тілін жетік білемін. Қытай тілін үйреніп жатырмын. Үш тұғырлы тіл бағдарламаңызды толығымен орындадым деп ойлаймын.

Юлия кеңес отырыснда келер жылды «Қазақ тілін үйретуші еріктілер» жылы деп жариялауды ұсынды. Ол өз тілін өгейсініп жүргендердің қазақ тілінде қажет болғанда жағдайда ғана сөйлемей, өз өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыратынына сенімді.

 

 

 

Маржан Касымбек