Солтүстік Қазақстан облысы – қызыл аймақта

COVID-19: Қазақстан

21:32 19 Қараша 2020

Қазір Солтүстік Қазақстан облысы – қызыл аймақта. Өңір бойынша коронавирусты көктемнен бері 5260 адам жұқтырған. Соңғы 7 күннің өзінде covid-19 400-ден астам жерлесіміздің бойынан табылған.

Дене температурасының көтерілуі мен иммунитеттің күрт әлсіреуі. Дәл осы белгілер қала тұрғыны Елена Литвинованың бойында шілде айында пайда бола бастайды. Жағдайы күн сайын нашарлаған. Алайда, жөтел мен демігу болмапты. Коронавирус жұқтырып алдым ба деп алаңдаған жерлесіміз көп ұзамай дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде бойынан коронавирустық пневмония анықталған.

Елена Литвинова – қала тұрғыны:

– Басында мен бұл аурудың барына мүлде сенбеп едім. Вирус маған ешқашан жоламайды деген сенімде болдым. Басымнан өткен жағдайда ғана көзім жетті. Індетті жұқтырып алғанымда бойымды қорқыныш биледі. Әр күнім өмір үшін күрес болды.

Елена Литвинова дәрігерлер жазып берген антибиотиктерді бір ай бойы қабылдаған. Үйде ем алған. Ешкіммен қарым-қатынасқа жасамай, басқосуларға баруды тыйған нәзікжанды дертін ушықтырып алмай, құлан-таза айығады. Алайда, бұл қазір еркін жүре беруге болады дегенді білдірмейді.

Елена Литвинова – қала тұрғыны:

– Жағдайым бірталай жақсарғанымен өзімді әлсіз сезінетін кездерім болып тұрады. Қазір қорғаныс құралдарынсыз ешқайда бармаймын. Әр жерде бетперде тағып, қолдарымды антисептикпен жиі өңдеймін. Барлығын сақ болуға шақырамын.

Мамандардың айтуынша, пневмония – коронавирустың көрінісі. Яғни, инфекция жоғары тыныс алу жолдарымен өкпеге түседі. Қос жағдайда да алғашқы симптомдар болып, тыныс алу қиындап, кеуде ауруы мүмкін. Бұл жағдайда арнайы зертханаға барып, ПТР тестін тапсырған жөн. Біздің өңірде мұндай 4 нысан бар.

– Соңғы мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында тәжді вирусты жұқтырғандардың саны күн сайын артуда. Мәселен, қарашаның 12-сі күні коронавирус бір тәулікте 43 адамнан табылса, 17-сі бұл шама 74-ке дейін жетті. Ал соңғы тәулікте COVID-19 79 жерлесіміздің бойынан табылды.

Мұндай теріс динамика өткен сенбі күні өңірді жасылдан бірден “қызыл зонаға” енгізсе керек. Жалпы, облыс бойынша коронавирусты көктемнен бері 5260 адам жұқтырған. Статистика геометриялық прогрессияда өспес үшін мамандар халыққа қарапайым санитарлық талаптарды сақтау қажеттігін тағы бір мәрте қаперге салады.

 Бисенова Жанна

 

 

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде шектеу шаралары тағы да жеңілдетілді
“City Mall” сауда үйінде вакциналау пункті жұмыс істеп тұр
СҚО – «сары» аймақта
СҚО-да соңғы тәулікте COVID-19 дертін 15 адам жұқтырған
Қазақстанда 42 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал
Орталық саябақта вакцинация жүргізетін мобильдік топ жұмысын бастады
Соңғы тәулікте 6 солтүстікқазақстандық коронавирус жұқтырды
СҚО-да өткен тәулікте 41 адам коронавирус жұқтырды
СҚО-да 3 мектеп қашықтықтан білім беру әдісіне көшірілді
СҚО “жасыл” аймаққа өтті
Облысқа “QazVac” вакцинасы жеткізілді