Құқық қорғау органдары

Петропавл тұрғыны ұрлық жасау үшін кран жалдаған

Естімеген елде көп. Солтүстікқазақстандық  ұрлық жасау үшін кран жалдаған.

Тәртіп сақшыларына гаражын ұрлап кеткен қала тұрғыны жүгінеді. Куәгерлердің сөзінше баукеспе арам ойын түс ауған уақытта іске асырған. Ол ұзындығы 6 метр болатын гаражды  кранмен көтеріп алып кеткен. Әрекетінің шынайылығы сол, тіпті, тұрғындардың күдігін тудырмапты. Олар мүлік сатылып жатыр деп ойласа керек. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде баукеспе қолға түсті. Бұрын сотты болған 87-ші жылғы қала тұрғыны гаражды түрлі түсті металл қабылдайтын жерге 130 мың теңгеге сатып жіберген екен.

Әділет Жеңісов – қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан