Спорт

Өңір зілтеміршілері ел чемпионатында топ жарды

Солтүстікқазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан өткен ел чемпионатында топ жарды. Жерлестеріміз Қостанай қаласында ұйымдастырылған біріншілікте 2 алтын және 2 күміс медаль еншіледі.

109 келіден артық салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жанәли Тұяқов және 61 келіге дейінгі категорияда сынға түскен Александр Шпехт алтыннан алқа тағынып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Ал Денис Полубояринов пен Алина Колиушко жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Айта кетейік, бұл додада Алина халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Қазіргі уақытта құрама  жаттықтырушы Эрик Алибаевтың жетекшілігімен / алдағы жұма күні Талдықорғанда бастау алатын  тағы бір ел чемпионатына дайындалуда. Ал Жанәли Тұяқов болса, қарашаның 19-сы Перуда өтетін Әлем кубогында ел намысын қорғайтын болады.

Бисенова Жанна