Қоғам

Қазақ тілін үйренемін деушілердің құлағына алтын сырға

Облыстық тілдерді оқыту орталығында жыл сайын 2,5 мыңнан астам адам білім алады. Мемлекеттік тілді меңгерем дегендерге оқыту курстары ақысыз негізде жүргізіледі.

Қазақ тілін үйренгісі келген жандарға мамандар жұмыс уақытында және жұмыстан тыс кезде де сабақ береміз дейді. Пандемия жарияланғалы бері  дәрістер онлайн форматқа ауыстырылыпты. Яғни, қатысушылар «ZOOM» платформасы арқылы білім алады. Айта кеткен жөн, қаңтар айынан бастап жаңа топ жасақталады. Осы орайда мамандар жерлестерімізге алдын ала келіп, жазылуға кеңес береді.

Үмітжан Шынтемірова – облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы:

– Тіл үйренушілерге 100 сағат және қысқа мерзімді 40 сағаттан тұратын курстар ұсынылады. Карантин кезінде сабақтар онлайн режимде өткізілді. Қазір курс аяқталды. Бүгінде қорытынды жұмыстар өткізілуде. Яғни, қатысушылардан сұрақ-жауап, тест, жазба және оқу бойынша емтихан алынуда. 

Бердимурат Баймухан