МТРА жаңалықтары

Департамент басшысы онлайн қабылдау өткізеді

Бармақ басты, көз қыстылық фактісіне немесе мемлекеттік орган өкілдері тарапынан заңсыз іс-әрекет ету жағдайына тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментіне жүгінуге болады.

Жыл басынан бері ведомствоға облыс тұрғындарынан 442 сауал түскен. Толғандырған мәселені қашықтықтан да жеткізуге мүмкіндік бар. Қарашаның 19-ы күні сағат таңғы 10-да жергілікті департаменттің басшысы Ернар Баянғазин кезекті рет азаматтарды онлайн қабылдау өткізбек. Оған “Skype” веб-қосымшасындағы “СҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі” арқылы қатысып, экранда көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласып, сұрақ қоюға болады. 8 (7152) 70 13 83 , 8707 829 25 45.

Култанов Байболат