Құқық қорғау органдары

61 жастағы малшы қарасорамен ұсталды

СҚО-да 61 жастағы малшы қарасорамен ұсталды. «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өңір тәртіп сақшылары елді мекендерді аралап, есепте тұрған жандарды тексерген болатын.

Нәтижесінде Тайынша ауданының полицейлері Липовка селосында тұратын ер азаматты қолға түсірді. Тексеру кезінде оның үйінен жарты стақан қарасора шөбі және оны шегуге арналған пластик бөтелке табылған. Бұл дүниелердің барлығы  ауылдың 61 жастағы малшысына тиесілі болып шықты. Сондай-ақ, баспанадан  өзге жанның атындағы «ИЖ-27» маркалы мылтық пен 16-шы калибрлі 10 оқ анықталды. Қазіргі күні аталған заттардың барлығы тәркіленіп, зертханалық тексеріске жіберілді. Ал есірткіні заңсыз ұстау жайлы факті  сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

 

 

Бердимурат Баймухан