ТЖ

Өткен аптада облыс аумағында 11 өрт оқиғасы тіркелді

Өткен аптада облыс аумағында 11 өрт оқиғасы орын алды.

Төтенше жағдайлардың басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында тіркелді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандардың топшылауынша тұрғындардың дені отқа немқұрайлы қараған. Қазіргі уақытта шығын көлемі есептеліп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 589 факті тіркелген. Өкінішке қарай, тілсіз жау 43 адамның өмірін жалмады. Оның бесеуі – бала. Ал келген материалдық шығын көлемі 116 млн теңгені құрайды.

Дмитрий Растихин – СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

– Өңірде тіркелген өрт фактілерінің басым бөлігі отқа немқұрайлы қараудан және электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан орын алып отыр. Апаттың алдын алу мақсатында біз ауқымды жұмыс атқарудамыз. Жылыту кезеңі басталғалы бері 30 мыңға жуық үйге бас сұғып, 74 мыңнан астам адамға сақтық шараларын ескерттік. Және тұрғындарға 70 мыңға жуық жадынама тараттық.

 

 

 

Казиканова Алтынай