Құқық қорғау органдары

СҚО-да жасөспірім өзін пневматикалық қарумен жарақаттап алды

16 жастағы бозбала өзін пневматикалық қарумен жарақаттап алды. Оқыс оқиға 12-ші қараша күні Қызылжар ауданындағы Бугровое селосында болған.

Жасөспірім досына қонаққа барған. Кейін сол үйдің иесінің пневматикалық мылтығын ұстап көрмекші болады. Қарудың оқтаулы тұрғанын білмей, жазатайым аяғына оқ атып алған. Келесі күні фельдшерге жүгініп, облыстық балалар ауруханасына жіберіледі. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-шы бабы  1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізілуде.

 

 

Казиканова Алтынай