Қоғам

Жөсөспірімдердің арасында суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Өңірде жыл басынан бері 5 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. 13-і / өмірімен қоштасуға әрекет жасаған.

Тағдырына қарсы келмекші болғандардың 10-ы – қыздар. Қоғамдағы түйткілді мәселе – суицид жасауға итермелеген себептер мен оның алдын алу / облыс орталығында өткен конференцияда талқыланды. Шараға 200-ден аса педагог қатысты. Мамандардың айтуынша жасөспірімдердің көбісі жауапсыз махаббат, ата-ана немесе құрдастарының арасындағы түсініспеушілік секілді жайттарға байланысты өміріне балта шабады екен. Статистикаға жүгінсек Солтүстік Қазақстан облысы суицид жасағандардың саны бойынша елде соңғы тізімде тұр. Бірақ, оған қарамастан жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайды қатаң бақылауда ұстаған жөн. Осы орайда жергілікті тәрбиешілер мен ұстаздарға республикалық сарапшылар / 1 сағаттың көлемінде дәріс оқыды.

Дана Жоламан, әл-Фараби мектеп-лицейінің педагог-психологы:

– 2016 жылдан бастап облысымызда арнайы бағдарлама жүргізілген болатын. Оның аясында біз жоғары сынып оқушылары және колледж студенттерімен кездестік. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Эльмира Садвокасова