Құқық қорғау органдары

Петропавлда тәркіленген 60 кг марихуана жойылды

Полицейлер қазан айының соңында «Қарасора» операциясын өткізген болатын. Шара барысында мамандар Петропавл көшесінде “Toyota Mark II” көлігін тоқтатып, ішінен 60 келі марихуана тауып алады.

Тәркіленіп алынған зиянды шөп жуырда өрттелді. Жалпы, жыл басынан бері полицейлер өңірде заңсыз айналымнан 400 келіден аса есірткі тәркілеген.

Рүстем Мұқанов – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Тәркіленген есірткі заттары 10 жұмыс күнінің ішінде жойылуы тиіс. Еске сала кетейік, ірі көлемде есірткі тасымалдау аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады. 

Бердимурат Баймухан