Құқық қорғау органдары

Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғандар анықталды

Өңірде  5 күннің ішінде  жүргізуші куәлігінен айырылған, алайда соған қарамастан көлік тізгіндеген 46 жүргізуші анықталды.

Заңбұзушылық фактілері “Лишенник” жедел алдын-алу іс-шарасы барысында тіркелді. Сорақысы сол, қолға түскендердің басым бөлігі масаң күйде болған. Естеріңізге сала кетейік, бұрын мұндай іс-әрекетке барған жандар  3 жылға автокөлікті тізгіндеу құқығынан шектелетін. Биылдан бастап өзгеріс орын алды. Қазір алкогольдік ішімдік ішіп, рөлге отырған адамдар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Ешкенова Дана