Құқық қорғау органдары

“Stop трафик” жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр

Облыс аумағында жыл басынан бері жеңгетайлық жасаудың 5 фактісі және адам саудасына қатысты 1 жағдай тіркелген. Өңір полицейлері «Stop трафик» жедел-алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Оның алғашқы нәтижелері жайлы келесі бейнематериалда.

Жыл басынан бері полицейлер “Stop трафик” шарасын екі рет өткізген болатын. Ал үшіншісі жоспардан тыс ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы тәртіп сақшылары “Жаңажол” шекара бекетіне барып, елге келіп-кетушілерге маска мен ақпараттық жадынамалар таратты. Адам саудасы мен жыныстық қанау фактілерін болдырмау мақсатында да тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Азамат Кұсайынов – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

–  “Stop трафик” жедел алдын алу шарасына “Әйелдерді қолдау” орталығының өкілдері де қатысты. Бетперде, кітапша мен біклеттер тараттық.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жеңгетайлықпен айналысқан 5 солтүстікқазақстандықты анықтапты. Заңсыз бас бостандығын шектеуге қатысты тағы бір факті тіркелген. Осындай арам істерге үй-жайын жалға бергендерге қатысты 3 әкімшілік материал жинақталған. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда адамға тиіскен жандарға қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Жалпы, “Stop трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы қарашаның 14-іне дейін жалғасады.