Құқық қорғау органдары

Сәтсіз кездесу

Сәтсіз кездесу. 65 жастағы зейнеткер / келіншекпен кездесемін деп интернет-алаяқтың қақпанына түскен.

Қала тұрғыны танысу сайтына тіркеліп, жеке басына қатысты мәлімет қалдырады. Соңынан бір қыз хабарласып, сырттай таныстықтары әңгімеге ұласқан. Зейнеткердің сенімін иеленген келіншек / киноға баруға ұсыныс тастаған көрінеді.
Бір кинотеатрдың сайтын нұсқап, көрсетілім уақыты мен залдың нөмірін алдына ала белгілеуге болатынын айтқан. Ер адам айтылған сайтқа өтіп, банк картасының сандарын көрсетеді. Сәлден соң өзін “оператор” ретінде таныстырған біреу / телефонына келген кодты айтуды өтінеді. Ақыр соңында / зейнеткер алаяқтардың арбауына түскенін түсінеді. Бірден оның картасынан 118 мың теңгеден аса сомА жоғалған. Қазір полиция қызметкерлері алаяқтарды іздестіріп жатыр.

Ешкенова Дана