Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО карантиннің жасыл аймағына енді

Өңірде эпидемиологиялық ахуал  аз да болсын жақсарды. Covid-19  дүйсенбі күні 46 адамнан табылса, сейсенбіде – 30, ал соңғы тәулікте 35 солтүстікқазақтандықтан анықталды. Осы орайда бүігіннен бастап облысымыз карантиннің жасыл аймағына еніп отыр.

Соңғы 7 күнде коронавирусты 238 адам жұқтырған. Ал өткен тәулікте инфекция 35 адамның бойынан анықталып отыр.

Петропавл қаласында – 18
Мамлют ауданында – 3
Қызылжар ауданында – 6
Ғ.Мүсірепов ауданында – 1
М.Жұмабаев ауданында – 1
Уәлиханов ауданында – 6

Коронавирус жұқтырғандардың 31 пайызы – қызметтегі жандар, ал зейнеткерлер 23 пайызды құрайды. Айта кеткен жөн, індет көбіне сырттан келген азаматтардың бойынан табылуда. Мәселен, тек соңғы айдың ішінде ел аумағына Ресейден 20 мыңға жуық азамат келгені. Оның көпшілігінде ПТР-тестінің нәтижесі болмаған.

Татьяна Горлова – СҚО санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

 

– Соңғы айда Ресей Федерациясынан келген 19 947 адамның тек 5 624-і ғана ПТР-тестілеудің нәтижесін көрсетті. 1590 адамнан анализ алынып, нәтижесі дайын болғанша дейін стационарға жатқызылды. Нәтижесінде 153-інің бойынан коронавирус инфекциясы анықталды.

Еске сала кетейік, облыс бойынша ПТР-тест жасайтын 4 зетхана бар. Соңғы тәулікте осындай 1350 зерттеу жүргізілген. Жалпы, коронавирус белгілері пайда болған адамдар арнайы мобильді бригаданың көмегіне жүгіне алады. Мәселен, қалалық №1 емханада олардың саны – 12.

Светлана Кашенцева – №1 қалалық емханасының бас дәрігері:

– 12 мобильдік бригаданың 10-ы адамдардың мекен-жайы бойынша келіп, көмек көрсетеді. Ал қалған 2 топ дәрі-дәрмек жеткізумен айналысады. Жалпы, 1 бригада 5 мың адамды қамтиды. Мамандардың көмегіне жүгіну үшін 626-226 немесе 394-395 нөмірлері бойынша қоңырау шалу керек.

Бүгінде облыстың 8 ауданы мен 11 елді мекені карантинге жабылған. Мұндай шешім вирустың алдын алуына бірден бір септігін тигізеді дейді мамандар. Нәтиже бар көрінеді. Мәселен, Ақжар ауданындағы Казанское мен Ленинградское, Тайыншадағы Кирово мен Чермошнянка және Шал ақындағы Повозочное селоларынан карантин алынып тасталды. Дегенмен, мамандар халықты барлық талаптарды қатаң түрде сақтауға шақырады.

Ешкенова Дана