МТРА жаңалықтарыКөлік және жолдар

СҚО-да жөнделген 2 жол учаскесі қолданысқа тапсырылды

СҚО-да жөнделген 2 жол учаскесі қолданысқа тапсырылды.

Ең алдымен, төселген жаңа асфальттің сапасын  «Сапалы жол» жобасы аясында арнайы мониторингілік топ тексерді. “Покровка-Ильинка-Мектеп” бағытындағы 2 жарым шақырымды құрайтын жолды жандандыруға облыстық бюджеттен 280 млн теңге бөлінген. Іске жауапты мердігер – “Петропавл жолдары” серіктестігі. Биыл Новокаменка мен Боголюбово ауылдарының арасында да  11 шақырымдық аумақ жөндеу көрді. Бұл мақсатқа жарты млрд теңге бағытталған.

Рустам Ахметов – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

–  Жол жөндеу барысы арнайы кестеге сай атқарылды. Ешбір олқылық таппадық. Сараптама нәтижесіне көңіл толады. 

Маржан Касымбек