МТРА жаңалықтарыХалық тарих толқынында

Қозы Сағитовқа Тәжікстан ІІМ грамотасы табысталды

Тәжік-ауған шекарасында болған қанды қақтығысқа биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай 6637 әскери бөлімінде жиын өтті. Іс-шараға жерлесіміз Қозы Сағитов та қатысты. Азамат 95-ші жылдары  аталған шекарада әскери міндетін атқарған. Бүгін ардагер Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің грамотасымен марапатталды.

1993 жылы Тәжікстанда азамат соғысы басталады. Сол кезде жаңадан құрылған ТМД елдерінің басшылары ұйымға мүше Тәжікстанға қол ұшын беруге келіседі. Елдің Ауғанстанмен шекараласатын аймағы қауіпті болғандықтан, бұл шептің қорғанысын нығайту үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей армиясының сарбаздарынан жасақ құрыла бастайды.

Сол жылдары Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіттерге тәжік-ауған шекарасында қызмет етуге ұсыныс жасалады. Осылайша 7-ші рота Тәжікстанға өз еркімен аттануды ұйғарады. Жас сарбаздардың ішінде жерлесіміз Қозы Сағитов та болған. Солтүстікқазақтандық ол кезде небәрі 19 жаста болған екен.

Қозы Сағитов – тәжік-ауған шекарасы қақтығысының ардагері:

– 1993 жылы әскер қатарына шақырылдым. Отан алдындағы борышымды Шымкент қаласында өтедім. 8 айдан кейін өз еркімізбен тәжік-ауған шекарасына қызмет етуге бардық. 00:48 Ол жерде қақтығыстарды болдырмай, тыныштықты сақтауға жауапты болдық.

95-ші жылдың 7-ші сәуірі. Тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр шатқалында Қазақстанның ішкі әскерлерінің 7-ші ротасына саны көп содырлар қарулы шабуыл жасайды. 5 сағатқа созылған шайқаста 17 қазақстандық сарбаз қаза тауып, 33-і жарақат алады. 6637 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында болған қақтығыста қойылған міндетті абыроймен атқараған үшін Қозы Сағитов бүгін Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, ардагерге Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жарлығымен “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” медалі табысталды.

Ешкенова Дана