Құқық қорғау органдары

Облыстық полиция департаментінің музейіне – 31 жыл

Облыстық полиция департаментіне қарасты музейдің ашылғанына биыл 31 жыл толды. Атаулы датаға орай мұнда онлайн-экскурсия ұйымдастырылды.

Instagram және Facebook парақшаларында өткен тікелей эфир барысында  музей меңгерушісі Любовь Осинская оқырмандарды көне әрі қызықты жәдігерлермен таныстырды. Мұнда бүгінге дейін 4 мыңға жуық түрлі экспонат жиылған. Арасында, тіпті, 18-ші ғасырға жататын дүниелер де бар. Ал 5 жыл бұрын музейде қару бөлмесі ашылыпты. Көрмеге тапанша мен мылтықтардың 100-ден аса түрі қойылған. Өткеннен сыр шеретін, өңір полицейлерінің қолданысында болған заттармен танысуға өткен жылы 3 мың тұрғын келген екен. Барлығы  былтыр 109 экскурсия өткізіліпті.

Эльмира Садвокасова