Мәдениет

Облыстық бейнелеу өнері музейінде онлайн-көрме өтті

“Бір экспонаттың тарихЫ”. Осындай атаумен / облыстық бейнелеу өнері музейінде онлайн-көрме өтті. Көрермендердің назарына әйгілі суретші Әбілхан Қастеев пен мүсінші Рысбек Ахметовтың туындылары таныстырылды.

Алтынай Қазиқан – тілші:

– Мына көздің жауын алатын мүсінді Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Рысбек Ахметов әзірлеген. “Дала әуендері” деп аталатын дүние балшықтан жасалған.

Пандемия көпшілікті үйді-үйге қамады. Сыртта көп жүруге болмайды, жан рахаты – мәдени орындарға баруға тыйым салынған. Амал нешік, мамандар танымдық іс-шараларды онлайн өткізуге мәжбүр. Тарихи жәдігерлер мен әсем дүниені тамашалап, мән-маңызын тану үшін қашықтық та кедергі емес қазір. Өткенін білуге болады, қайда жасалған, кімнің туындысы? Қажет болса, әлеуметтік желі арқылы экскурсия жүргізушіге сұрағыңды да қоя аласың.

Вера Гончарова – облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері:

– Бұл жоба «Бір экспонаттың тарихы» деп аталады. Көрермендер туындымен танысып қана қоймай, автордың өмірбаяны жайлы қосымша ақпарат алатын болады. Біз онлайн-көрмені өткізбес бұрын парақшамызға афиша жүктейміз. Сол арқылы тұрғындар қандай экспонаттармен танысатындықтарын алдын ала біле алады.

Көрмеге атақты қазақстандық суретші Әбілхан Қастеевтің де қос картинасы қойылыпты. Бірі – “Сүйінбайдың портреті”, екіншісі “Алматы көрінісі” деп аталады. Біріншісі қылқалам шеберінің алғашқы еңбектерінің бірі болса, келесісін 70-ші жылдары салған екен.

Вера Гончарова – облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері:

– Онлайн-көрмемен бірге қазір “Қызылжар ART” жобасын да қолға алдық. Бұл бейнелеу өнеріне жаңадан аяқ басып келе жатқан жастарды қолдауға арналған. Яғни жас суретшілер өз жұмыстарын бізге жолдайды, біз оны әлеуметтік желідегі парақшамызға жүктейміз.

Жалпы, музейдегі “Атамекен” бөлімінде қазақ қылқалам шеберлерінің қолынан туған 30-ға жуық картина мен 5 мүсіндеме бар. Соның барлығы онлайн-форматта таныстырылып жатыр.

Алтынай Қазиқан