ТКШ

Қала көшелері қардан тазартылуда

Петропавл көшелері қардан тазартылуда. Мердігерлер шаруаны бүгін таңғы 11-де бастады.

Іске 14 бірдей серіктестік жұмылдырылған. Олардың бірі қазір Конституция көшесіндегі ақ ұлпаны жинап жатыр. 10-ға жуық маман 3 техника жұмылдырып жұмыстың 50% тындырыпты. Яғни, жолдың ортасына дейінгі аумақ тазаланып, құм себілген. Камазға тиелген қар шаһар сыртына шығарылады.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Бүгін қарды тазалауға 28 техника шықты. Олар жолдардағы қарды тазалап, құм сеуіп жатыр. Бұл жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады. Түнгі 10-нан таңғы 5-ке дейін. Жалпы, биыл шаһарды ақ ұлпадан тазалауға 65 техника жұмылдырылады. 2,5 мың куб құм дайындалды.

Ешкенова Дана