Спорт

Жергілікті хоккейшілер ұпай жоғалтты

“Құлагер” хоккей клубы қарымта кездесуде “Снежные Барсы” командасына есе жіберді. Александр Винокуров спорт сарайында ұйымдастырылған матч  1 де
3 есебімен аяқталды.

Бұл ойында алғашқы шайбаны бірінші периодта петропавлдықтар салды. 11-ші минутта Михаил Шерстюков көзге түсті. Алайда, екінші және соңғы кезеңде қарсыластарымыздың жолы болды. Кезекті бәсекеден кейін солтүстікқазақстандық ұжым турнирлік кестеде 7-ші орынға сырғыды. “Құлагер” құрамасы келесі кездесулерін қарашаның 13-і мен 14-і күндері Петропавлда  оңтүстікастаналық “Алматы” клубына қарсы өткізеді.

Култанов Байболат