МТРА жаңалықтары

Латын қарпінің жаңа нұсқасы таныстырылды

“Бір әріп – бір дыбыс”. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа латын қарпінің жаңа нұсқасы таныстырылды дейді Ақорданың баспасөз қызметі. Латын графикасын әзірлеуге лингвист-ғалымдар мен сарапшылар қатысқан.

Мемлекет басшысына ұсынылған әліпбиде дигрАфтар қолданылмайды. Яғни бір дыбыс екі әріппен емес, тек біреуімен беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қаріпті құрастыру оңай іс емес екендігін атап өтті. Сондықтан, бұл шаруаға бір жыл жеткіліксіз. Асығыстық танытып, төл мәдениетіміз бен тарихи болмысымызға нұқсан келтіріп алуымыз ғажап емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы біртіндеп жүзеге асуы керек. Негізінде, бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек. Сондықтан, бұл үрдіс жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет.

Эльмира Садвокасова