Спорт

Құлагерлік хоккейшілердің асығы алшысынан түсті

Солтүстікқазақстандық хоккейшілердің асығы алшысынан түсті! Кеше жергілікті “Qulager” клубы елордалық «Снежные Барсы» командасын тізе бүктірді.

Александр Винокуров спорт сарайында өткен алғашқы матч 3 те 1 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде петропавлдықтар сапынан Михаил Шерстюков 2 рет, ал Болат Хамматов 1 рет көзге түсті. Қазіргі таңда “Qulager” құрамасы турнирлік кестеде 6-шы орында тұр. Қоржында 13 ұпай бар. Ал көшбасында – өскемендік Торпедо. Бүгін қос ұжым арасында қарымта ойын ұйымдастырылады.

Булат Хамматов – “Qulager” ХК шабуылшысы:

– Кездесу өте тартысты өтті. Қарсылас құрамада жастар көп. Соған қарамастан олар оңай шағылар жаңғақ емес екендіктерін дәлелдеді. Енді қарымта кездесуге дайындаламыз. Жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз.

Маржан Касымбек