Аптадағы маңызды жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандардың 31 пайызы – қызметтегі адамдар

Соңғы 6 күнде өңірде коронавирус жұқтырудың 206 жағдайы тіркелді, ал соңғы тәулікте  қауіпті індет  46 адамның бойынан анықталды. Бүгін санитар мамандар облыстағы эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мектеп оқушыларының пандемия уақытында білім алуы да сөз болды.

Коронавирус жұқтырғандардың 31 пайызы – қызметтегі адамдар, ал зейнеткерлер 23 пайызды құрайды. Жалпы, жыл басынан бері өңірімізде 40 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған. Олардың 22-сінде бастауыш сынып оқушылары штатты режимде оқиды. Айта кетейік онда бастауыш сыныптың ұл-қыздары білім алады. Ал екінші тоқсаннан бастап 5-ші сыныптың оқушылары мектепке бара ма жоқ па ол әлі белгісіз дейді мамандар.

Әсет Жұматаев – қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

– Қазіргі күні балалардың барлығы демалыста. Мектептер жабық тұр. Екінші тоқсан жақындағанда комиссия шешім шығарады. Эпидемиологиялық ахуалға қараймыз. Сол кезде қашықтықтан немесе штатты режимге қатысты мәселені талқылап, жауабын айтамыз.

Қандай жағдайда Солтүстік Қазақстан облысы қызыл аймаққа кіреді? Алдағы уақытта карантин ережелері қатаңдатыла ма? Брифинг барысында мамандарға осындай сұрақтар жиі қойылды.

Әсет Жұматаев – қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

– Жұқтыру деңгейі 100 мыңға шаққанда 50 адамнан асса, өңір қызыл аймаққа кіреді. Эпидемиологиялық ахуалға қарай отыра облыстық әкімдіктің ведомстовоаралық комиссиясымен шешім шығарылады. Мәселен, көпшілік жиналатын орындар жабылады немесе жұмыс уақыты қысқартылады.

Сондай-ақ, брифингіде ПТР тестілерінің бағасы туралы да айтылды. Қазіргі күні өңірде коронавирусқа зерттеу жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Заңды және жеке тұлғалар үшін тестінің бағасы 8 бен 9 мыңның аралығында.

Бердимурат Баймухан