МТРА жаңалықтарыБілім

Кейбір облыстардағы оқуышларға компьютерлер дұрыс жеткізілмеген

Еліміздің кей аймақтарындағы оқушыларға компьютер жеткізу жұмыстары талапқа сай орындалмаған.

Бұл жайлы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қыркүйектің 1-не дейін отандық ұл-қыздарға қашықтықтан оқу үшін 500 мыңға жуық заманауи құрылғы жеткізіліпті. Бұл шаруа әлі де жүргізіліп жатыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, кейбір өңірлердің әкімдіктері тарапынан олқылық фактісі орын алған. Мысалы, жергілікті билік техниканы лицензиялау, сервистік қызмет көрсету, кепілдік беру сынды міндеттерді тиісті талапқа сай атқармаған. Тіпті, бөлінген компьютерлерді уақытынан кеш жеткізу жайты да анықталыпты. Бұл тізімде Солтүстік Қазақстан облысы жоқ. Біздің аймақта министрлік тарапынан жүктелген тапсырма ойдағыдай орындалуда.

Бердимурат Баймухан