ТЖ

Жамбыл ауданындағы үйден өрт шығып, иесі көз жұмды

Ұйықтап жатқан жерінде түтінге уланып, ажал құшты. Жамбыл ауданындағы Пресновка селосында үйден өрт шығып, 67-ші жылғы тұрғынның өмірін жалмады.

Мамлют ауданына қарасты Новомихайловское селосының тұрғыны осыдан 10 күн бұрын жоғалған еді. 63-ші жылғы азамат кешке жақын 12 жастағы немересін алып, судың жағасына демалуға кеткен болатын. Тұрғын балық аулау үшін өзі жалғыз қайыққа отырып, көлдің ортасына қарай бет алады. Бірақ, қайта оралмаған. Құтқарушылар із-түссіз жоқ болған ер адамды әлі күнге дейін іздестіріп жатыр.

Игорь Жуков – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Чистое көлінің аумағы өте үлкен болғандықтан ер азаматтың нақты қайда жатқандығын таба алмай жатырмыз. Қайық бар, бірақ, өзі жоқ. “Сақтансаң, сақтаймын” демекші жерлестермізді барынша абай болуға шақырамын. Бей-берекет өзен-көлдің жағасына бармаңыздар.

Сондай-ақ, соңғы уақытта өрт оқиғалары да жиілеп кетті. Күні кеше Жамбыл ауданында тағы бір жағдай тіркелді. Пресновка селосында кешкі 9-ға таман тұрғын үйлердің бірі отқа оранған. Ішінде 67-ші жылғы ер адам болған. Ол ұйықтап жатқан жерінде қаза тапты.

Дмитрий Растихин – СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

– 53 жастағы ер адам ұйықтар алдында электр жылытқыш құрылғыны қосып қойған. Бірнеше сағат бойы тұрған техника қызып, соңынан өртенген. Көз жұмған тұрғынның денесін сараптамаға жібердік. Оның ішімдік ішкендігі не ішпегендігі анықталып жатыр. Нәтижесі жақын күндері белгілі болады.

Бұл өткен аптадан бері орын алып отырған 14-ші өрт оқиғасы. Ал жыл басынан облыста 578 жағдай тіркеліпті. Қызыл жалынның басым бөлігі немқұрайлылықтың салдарынан туындаған. 43 адам мерт болған, оның 5-еуі – кәмелет жасына толмаған балалар.

Маржан Касымбек