МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясынтағы 42 адам жұқтырған

Өткен тәулікте өңірде тағы 42 адам коронавирус жұқтырып алды. Оның 30-ының бойында аурудың нақты белгілері бар екені дәлелденіп отыр.

Дертке шалдығудың ең көп жағдайы Петропавл қаласында және М.Жұмабаев пен Қызылжар аудандарында тіркелді. Айта кетейік, аймақта қазір науқас жандарға арналып мыңға жуық инфекциялық төсек әзірленген. Бүгінде төсек-орындардың 37 пайызында тұрғындар ем алуда. Ал карантиндік стационарларда 280 орын бар. Онда дәрігерлер  84 науқасқа медициналық көмек көрсетуде. Жексенбі күнгі мәліметке сүйенсек, өңірде қауіпті індетке шалдыққан 18 жерлесіміздің жағдайы күйде.

Ешкенова Дана