Kurultai banner mobile

Спорт

“Qyzyljar” ФК қостанайлықтарға есе жіберіп алды

Кеше “Qyzyljar” құрамасы қостанайлық “Тобыл” футбол клубына қарсы кезекті ойынын өткізді.

Матч тартысты өтті. Тіпті, екі команданың футболшылары дөрекі ойнағандары үшін қос-қостан сары қағаз алды. Екі таймда да қауіпті шабуылдар көп болды. Бірақ, жерлестеріміз қарсыластарының қақпасынан саңылау таба алмады. Ал / 70-ші минутта қостанайлық құраманың бағы жанды. Бұрыштамадан көтерілген допты “Тобыл” командасының қорғаушысы Темірлан Ерланов ұтымды пайдаланып, қақпаға дарытты. Жерлестеріміз матч соңына дейін есепті өзгерте алған жоқ. Ойын 0:1 есебімен аяқталды. “Тобыл” жеңді.

Бердимурат Баймухан