МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

ПТР тесттерін қайда тапсыруға болады

Бүгіннен бастап облыс орталығының шекарасындағы блокбекеттерден өту үшін міндетті түрде ПТР тесттің нәтижесін көрсету қажет. Сонда ғана Петропавлға кіруге рұқсат етіледі.

Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын өңірде 4 бірдей зертхана жұмыс істейді. Олардың екеуі мемлекеттік мекеме болса, екеуі – жеке меншік клиника. Соңғылары аудан орталықтарынан да өз кабинеттерін ашыпты. Яғни, елді мекендіктер ауруханалардағы осы кабинеттерге барып, ковид-19-ға анализ тапсыра алады. Тесттің нәтижесі 2-3 күнде дайын болады. Ал, жарамдылығы – анықтама берілген күннен бастап 3 тәулікке дейін. Бұл мерзім өткен соң, қажет болса, ПТР-ді тағы тапсыру керек. Енді сараптама бағасына келер болсақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкіметке зерттеу қызметінің бағасын төмендету жүктелді. Міндет орындалып, бекітілген сомма көлемі екі есеге дейін азайды.

Ерлан Баязитов – СҚО денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы:

– Облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта жеке және заңды тұлғаға тест бағасы – 8900 теңге. Ал, ұлттық сараптама орталығында жеке тұлғаға – 8025, заңды тұлғаға – 9 мың теңге. Ал, жеке меншік клиникалардың өз бағалары бар. 9 мыңнан басталады. 01-56 Эпидемиологиялық және клиникалық жағдайға байланысты ПТР тест – тегін жасалады, ал егер азамат өзі үшін тапсырғысы келсе, онда аудан деңгейінде – екі клиникаға, Петропавл деңгейінде 4 зертханаға барып тапсыра алады.

Эльмира Садвокасова