Құқық қорғау органдары

Ішімдікке сылқия тойып алып, автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Ішімдікке сылқия тойып алып, автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды. Өзгенің де, өзінің де өміріне алаңдамаған ер адам – 81-ші жылғы. 24-ші бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі.

Елтіп отырған ер азаматты тәртіп сақшылары Әуезов көшесінен Чайковскийге қарай бұрыла берген кезінде байқап қалады. Көлікті тоқтатып, құжаттарын сұратқан. Ал медициналық куәландыру  оның орташа деңгейдегі масаң күйде екенін көрсеткен. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. 24-ші бағыттағы автобустың жүргізушісі бұл әрекеті үшін 15 тәулікке қамалып немесе 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылуы мүмкін.
Соңғы 2 күнде полицейлер қалада масаң күйде рөлге отырған 29 адамды анықтапты. Оның 15-і / темір тұлпарды басқару құқығынан айырылды.

Маржан Касымбек