МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Демалыс күндері сұлулық салондары жұмыс істемейді

Сұлулық салондары демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал дүйсенбі мен жұманың аралығында 10-да ашылып, кешкі 8-де жабылады.

Салонға келген адам маскамен кіруі керек. Ол болмаса, тегін беріледі. Бұрыш-бұрышқа санитайзер қойылған. Клиенттер міндетті түрде алдын ала жазылу негізінде қабылданады. Талап мұндағы мамандар үшін де қатаң. Кристина Дроздова – косметолог. Ол денеге емдік орау мен пилинг жасайды.

Кристина Дроздова – косметолог-эстетист:

– Мен санитарлық талаптардың сақталуына үлкен мән беремін. Адамдардың бетперделерін тек бетпен жұмыс жасаған жағдайда ғана шешеміз. Бірақ, карантинге байланысты клиенттер саны азайды. Мәселен, бұрын күніне 10 адам қабылдайтынмын. Қазір 2 есеге қысқарды.

Салон іші күніне 2 рет тазаланып, кварцталады. Мамандар мен келушілер қорғаныс құралдармен қамтамасыз етіледі. Бұның өзіне ай сайын қыруар қаржы жұмсалатын көрінеді.

Георгий Раевский – салон басқарушысы:

–  Қорғаныс құралдарының бағасы арзан емес. Мәселен, бір қорап қолғап 6 мың теңге тұрады. Ол тек 2 күнге ғана жетеді. Одан бөлек, маска, бахила, санитайзер сынды дүниелерді де алу керек. Бұның бәріне айына 300 мың теңгеге жуық қаражат жұмсаймыз..

Пандемияға дейін сұлулық салонына күніне 100-ден аса адам келсе, қазір олардың саны 30-40-тан аспайды.

Жанна Бисенова