ТКШ

Қала тұрғындарының өтініші орындалды

Қала тұрғындарының өтініші орындалды. Өткен аптада Петропавлдағы Ысқақ Ыбыраев көшесінің бойына / су бағанасы орнатылды. Аталған мәселені жерлестеріміз облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қоғамдық қабылдауында көтерген еді. Сонымен қатар, жақында “Горизонт” саяжайларына кіреберіс жолға / қиыршық тас төселген.

Биыл Петропавл қаласының тұрғындары қала әкімінің қабылдауында болып шаһар басшысы Болат Жұмабековке өз сауалдарын қойған еді. Соның ішінде «Горизонт» саяжай қоғамдастығының өкілдері атқамінерден жолға қиыршық тас төгіп беруін сұраған. Өткен аптада жерлестеріміздің мәселесі шешілді. Коммуналдық қызметкерлер саяжайға келіп 400 метр жолға қиыршық тас төседі.

Сергей Пуховский – «Горизонт» саяжай қауымдастығының төрағасы:

– Көктем мен күзде жүріп-тұру мүмкін емес. Айнала саз-балшыққа айналады. Осы орайда шағымымызды ескеріп жатқан қала әкіміне алғысымызды білдіреміз. Қазір мамандар ойылып қалған жолға тас төгіп жатыр.

Саяжай тұрғындары базыналарын облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа да жеткізген еді. Бүгін міне 20 жылдан астам уақыт колонкасыз отырған жерлестеріміздің арманы орындалды. Ысқақ Ыбыраев көшесінің бойында тұрып жатқан азаматтар таза ауыз сумен қамтылды.

Айша Шәукерова – қала тұрғыны:

– Мен осы жерге 99-шы жылы көшіп келдім. Содан бері біздің жеке колонкамыз болмады. Былтыр «i-komek» желісі арқылы өтініш тастап, аймақ басшысының қабылдауында болдым. Құмар Ақсақалов көп ұзамай мәселемізді шешіп берді. Қазір бұл жерден 20 шақты үй тұрғыны су алып отыр.

Жалпы, биыл тұрғындардың өтініштері бойынша Петропавлдағы 100 көше мен 10 саяжайға кереберіс жол қалыпқа келтірілген.

Бердимурат Баймухан