МТРА жаңалықтары

СҚО-да «Аналитикалық интернет-карта» бағдарламасы іске қосылады

Өңірде «Аналитикалық интернет-карта» бағдарламасы іске қосылады. Жаңашылдықтың көмегімен әлеуметтік желілердегі деструктивті сипаттағы парақшалар мен теріс діни ағымға итермелейтін жазбаларды анықтауға болады. Заманауи дүниені қалай қолдану керектігін жергілікті мамандарға Атырау облысынан арнайы келген сарапшылар үйретуде.

Бүгінде елімізде теріс діни ағымның арбауына түскен азаматтардың саны күн санап артып жатқан көрінеді. Арам пиғылды жанда, әсіресе, карантинді пайдаланып үйде отырған тұрғындардың назарын өзіне аударуға тырысатын көрінеді. Әлеуметтік желіде түрлі парақша ашып, ойды улайтын жазбалар жүктейді. Өткен айда мұндай ақпаратқа қызығушылық танытқан қос солтүстікқазақстандық анықталыпты. Екеуі де – жастар. Жерлестерімізбен жергілікті мамандар бірден түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Қанат Мұстафин – СҚО ішкі саясат басқармасы қоғамдық даму және ақпараттық орталығының теологы:

– Біздің өңірде деструктивті ағымның жетегінде кететіндер жоқтың қасы. 01:26 Интернет беттеріндегі құқық бұзушылықтар: оның ішінде діни әдебиеттерді тарату, материалдарды интернет беттеріне жариялау, әлеуметтік жариялағандарды тауып, түсіндіру жүргізіледі.

Әлеуметтік желілердегі деструктивті сипаттағы парақшаларды анықтайтын арнайы бағдарламалар да бар екен. Мәселен, Атырау облысының мамандары «Аналитикалық интернет-карта» деп аталатын бағдарламаны кеңінен қолданады. Оның көмегімен Instagram, Вконтакте, Facebook, Одноклассники сынды желілерде жарияланған жазбаларды бірден табуға болады.

Арман Айтуов – Атырау облыстық дін істері басқармасы ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы:

– Атырау облысында 21 мың адам діни парақшаларға тіркелген. Олардың 10 мыңы алдын алу шаралары кезінде парақшалардан шықты. Өңіріміз – деструктивті ағымдардың уағыздарын таратпау бойынша елде 1-ші орында.

Алдағы уақытта мұндай әдіс біздің өңірде де қолданылмақ. Қазір жергілікті мамандар бағдарламаның қыр-сырын меңгеріп, жүйені енгізу үстінде.

Ерлан Ерғалиев – Атырау облыстық дін істері басқармасының бөлім маманы:

– Біздің өңірде осы бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр, қалай алдын аламыз, қай бап бойынша жазаланады? Солардың барлығын айтатын боламыз. СҚО тәжірибесін үйреніп, Атырау облысында да қолданатын боламыз.

Атырау облысының мамандары Петропавлда 3 күн болады. Одан соң Нұр-Сұлтан қаласына барып, сондағы мамандармен тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Маржан Касымбек