Денсаулық сақтау

МӘМС жүйесі аясында өңірде физиотерапия тегін көрсетіледі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері өңірде оңалту мен қалпына келтіру еміне 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 жарым есеге көп екен. Енді қорға аударым жасап, өзін-өзі сақтандырған жандар / жаңа жүйенің аясында / қымбат қаржыны талап ететін физиотерапияға ақша төлемейтін болады. Оның қатарына биыл №2 ауруханада ашылған массаж қызметі де қосылды.

Алимпиада Крылова жас кезінде оқыс жағдайға тап болған. Нәзікжанды қыстың қараңғы таңында жұмысқа бара жатады. Сол уақытта бәзбіреу оны тонамақшы болып шабуыл жасаған. Баукеспе итерген кезде қыз қасындағы бетон қабырғаға, кейін жердегі бордюрге басымен соғылады. Біраз жылдар өткен соң бұл оқиғаның салдары жерлесіміздің денсаулығына әсер ете бастайды. Алимпиада Крылова созылмалы ауруға шалдығады. Ол енді дертінен айығу үшін жиі ауруханаға келіп, ұзақ мерзімді қажет ететін оңалтудан өтуде.

Алимпиада Крылова – Петропавл қаласының тұрғыны:

– Менің арқамның бұлшық еттері дұрыс жұмыс жасамайды. Жүйке жалғаулары қысылып қалған. Маған дәрігер түгел омыртқама ем қажет екенін айтты. Олар: магниттік терапия, массаж жасау секілді процедуралар. Теміржол мәдениет үйінде қызмет еткен соң емнің бір бөлігі маған жұмыс орнынан өтеледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері өңірімізде физиотерапия шаралары тегін көрсетілуде. Мәселен, биыл №2 қалалық емханада жаңа жылдан бастап массаж бөлмесі ашылды. Ол қызметті де сақтандыру қорына салым жасаған тұрғындар тегін ала алады. Одан бөлек өз-өзін сақтандырған жандар түрлі диагностика, ПТР сынамасы УЗИ секілді зертханалық тексерулерге ақша төлемейді.

Қарлығаш Ілиясова – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы бөлім басшысы:

– Медициналық оңалтуға былтыр Солтүстік Қазақстан облысына 91 млн теңге бөлінсе, биылғы жылы 1,5 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Енді сақтандыру қорына салым жасаған кез келген азамат оңалту шараларын тегін ала алады.

Жалпы, қазіргі күні солтүстікқазақстандықтардың 85 пайызы өз-өзін сақтандырған. Мамандар қалған жерлестерімізге сақтандыру қорына салып жасап, барлық медициналық көмекті тегін алуларына кеңес береді.

Бердимурат Баймухан