Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлеріне жаңа қызметтік көліктер берілді

Өңір полицейлеріне жаңа қызметтік көліктер берілді. Жол талғамайтыны бар, Газель және УАЗ маркалы темір тұлпарлар – барлығы 11 көлік. Оның 6-уының кілті  аудандық тәртіп сақшыларына табысталды.

ПД бастығы Марат Төлебаев алдымен су жаңа техниканың жай-күйін қарап шықты. Кейін, өңірдің бас полицейі бұл көліктер тәртіп сақшыларының жұмысының нәтижелі болуына серпін беретінін айтып, темір тұлпар кілттерін салтанатты түрде қала мен аудан бөлімдеріне табыстады.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Сіздерді бүгінгі қауанышты күнмен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, қызметтеріңізге абырой мен сәттілік тілеймін.

Су жаңа қызметтік темір тұлпарлардың бірі Тайынша аудандық полиция бөліміне берілді. Тайыншалық тәртіп сақшыларына “Газель” маркалы көліктің кілті бұйырды. Жалпы, аталған бөлімінің автопаркінде 40-қа жуық қызметтік техника бар екен. Оның тең жартысы жаңа.

Марат Нұрахметов – Тайынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Бүгін жаңа “Газельдің” кілті табысталды. Бұл автокөлікпен қамауға алынған адамдарды тасымалдаймыз. Жалпы техникамыз жылдан-жылға жаңарып жатыр. Өткен жылы 2 көліктің кілті табысталған болатын.

Айта кетейік, бүгін ведомствоның автопаркі 11 жаңа көлікпен толықты. Оның 2-уі – жол талғамайтын, 4-уі – “Газель” және 5-уі – “УАЗ” маркалы темір тұлпарлар.

Ешкенова Дана