МТРА жаңалықтары

Ауыл әйелдері форумы өтті

Ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы әйелдердің рөлі. Осындай атаумен онлайн-форматта облыстық форум өтті. Шараға 150-ден аса солтүстікқазақстандық қатысты.

ZOOM платформасында өткен жиында әр түрлі салада еңбектенетін нәзік жандылар өздерінің жұмысы мен оның ерекшелігі туралы баян етті. 5 солтүстікқазақстандық бизнес-вумен елді мекендегі мүмкіндіктерді пайдалана отыра жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті. Олардың арасында мұғалім, дәрігер мен хореографтар бар. Форумда өзекті проблемалар да сөз болды. Бүгінде ауылдағы ағайынның қалаға көшу қарқыны артып барады. Мәселені шешу үшін елді мекендерде тиісті жағдай жасау қажет. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамытып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды тұрғызып, жұмыс орындарын арттыру керек. Соңғысын біржақты етуге кәсіпкерлер көмектесе алады. Сондықтан, бизнесті меңгеріп, өз ісін ашамын деген құлшынысы бар жандардың қатарын көбейтуге қазір көп көңіл бөлінуде.

Эльмира Садвокасова